Название Скачать
1 Бұйрық комиссия
2 Бұйрық конкурстық құжаттама
3 Бұйрық өзгерістер
4 Меню
5 Тамак ішу кестесі
6 Тамакка бару кестесі
7 Ыстык тамак акт
8 Ыстык тамак буйрык
9 Ыстык тамак жылдык жоспары
10 Ыстык тамак мониторинг
11 320 бұйрық 12 наурыз
12 Ыстық тамақ 2021

 


 

 

Ыстық тамақпен қамтылған бала саны

(1-11 сынып аралығы)

1-4 сыныптар бойынша

5-11 сыныптар бойынша

1-11  сыныптар аралығындағы аз қамтылған оқушылар саны

 

1-4 сыныптар бойынша

аз қамтылған оқушылар саны

 

 

 

 

5-11 сыныптар бойынша аз қамтылған оқушылар саны

Бір балаға шаққандағы қаражат көлемі

 

 

 

Ыстық тамақпен қамтамасыз етуші жеке кәсіпкер туралы мәлімет

1

201

164

37

71

34

37

220

ИП «Еркебұлан» Сабыржанов Еркебұлан

 

 

 

 

  1. Өлшемділік ережесі. Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс. Сонда қабылдаған ас, асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, бұл ережені қатаң түрде сақтау қажет. 
  2. Астың негізгі мөлшерін қабылдау 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуі тиіс. Бұл кезде От элементі мен бауырдың белсенділігі жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәуліктің осы кезінде қабылдануы тиіс. 
  3. Суық кезде жеміс пен көкөністерді қолдануды шектеу керек. Суық мезгілдерде піспеген затты жеу салқын тиюге, ісіктің пайда болуына, ас қорыту мәселелерінің туындауына алып келеді. Себебі, жемістер мен көкөністер қасиеті бойынша салқын заттар қатарына жатады. Оларды жиі қабылдау ішкі жылылықты төмендетеді және организмдегі барлық үдерістерді баяулатады.
  4. Жаңа пісірілген тағамды жеу. Ұзақ сақталған тағамдарда улы заттар мен салқындық қасиет жиналады. Ал, етке бұл қасиет тән емес, суықта сақтаған сайын жылылық қасиеті арта түседі. 
  5. Тамақты мұздай немесе ыстық күйде пайдалануға жол бермеу керек. Астың жоғары немесе төмен температурада болуы асқазан сөліне зиян келтіреді. Ыстық күнде біз үй бөлмесінің температурасындағыдай суды ішуіміз керек. Егер мұздай суды пайдалансақ, оны жылыту үшін организм көбірек энергия жұмсайды, одан кейін су асқазан сөліне араласады. 
  6. Тағам қабылдау барысында сұйықтық ішуге болмайды, ішкен жағдайда ас қорыту сөлінің шоғырлануы азайып, асқазанның ас қорытуы төмендейді. 
  7. Ас қорыту шоғырлануының Оты жоғары болғанда, бірінші қою тағамды жеп, 20-30 минуттан кейін сұйық тағамды ішкен дұрыс. Егер керісінше тамақтанса, онда тамақты қорытатын ферменттердің шоғырлануы төмендеп, ет, ботқа, жеміс тағамдары қорытылмай қалады. 
  8. Асты қабылдаудан 20-30 минут бұрын бал, тұз немесе лимон шырыны қосылған бір құты ыстық су ішу қажет. Аталған барлық қоспалар ас қорыту жүйесін жақсартып, асқазанды кілегейлерден тазартып, асты қорытуға дайындайды. 
  9. Асты жануарлар майымен ғана әзірлеу. Ең жақсысы - ерітілген сары май. Сары майды қыздырған кезде улы заттар пайда болмайды, бұл оның көптеген өсімдіктер майынан айырмащылығын көрсетеді. Қыздырылған сары майдың шектеулі мөлшерін кез келген жастағы адамға, кез келген науқасқа қабылдауға болады. Осы қасиетіне қарай оны Шығыста жоғары бағалайды. Тамақтану жайлы аталмыш үйлесімділік ережелері оқырмандарға табиғаттың заңына сүйене отырып, науқастануға жол бермеуге көмектеседі. Дұрыс тамақтана білу - кез келген дәріден де күшті екенін естен шығармаған жөн.

 

 

Денсаулыққа пайдалы тағамдар

 

 Қызанақ. Оның құрамында ағзаға керекті органикалық қышқылдар В1, В3, В6, В9, Е дәрумендері бар. С дәруменіне де өте бай. 

Жаңғақтар. Күніне 100 грамм жаңғақ жеп тұрсаңыз, қанның құрамындағы холестериннің деңгейі төмендейді. Кедр жаңғағының құрамында холестеринді май бар. Жүрекке пайдалы жаңғақтардың бірі – бадам. 

Кептірілген өрік. Калий, магний, темір және фосфор балғын өрікке қарағанда кептірілген өріктің құрамында өте көп болады. Кептірілген өрікті қаназдықта, көздің көру қабілеті нашарлағанда, жүрек ауруларына нығайтушы құрал ретінде қолданады. Ол қантамырларының бекітіліп қалуын болдырмайды және қатты ісіктерді жұмсартады, терінің жұмысын жақсартады. 

Шабақ балық. Шабақ балықтың құрамында триглицерид мөлшерін азайтатын омега-3 май қышқылдары бар. Шоколад. Қара шоколадты күнде аз-аздан жейтін болсаңыз, ол атеросклерозды тоқтатады. 

Көк шай. Көк шайда қара шайға қарағанда кофеин өте аз болады. Ол – жер бетіндегі ең пайдалы 150 тағамның қатарында. 

Апельсин. С дәруменіне өте бай. Мамандар дәрі ішпес бұрын цитрусты жемістерді көбірек жеуге кеңес береді. 

 

  Әрдайым сымбатты көрініп, денсаулығым мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге пайдалы 12 тағамды енгізіңіз.

  1. Сүт.

Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек етеді. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтер бар. Жас сәбиге сүт қаншалықты қажет болса, үлкен адамдарға да соншалықты қажет. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ, шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады. 

  1. Айран 

Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады. Диетолог-мамандардың айтуынша, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы. 

  1. Тауық еті

 Тауық етінің құрамында В тобындағы дәрумендер, ақуыз бен аминқышқылдары бар. Ас қорыту жүйесін, ағзадағы қан айналымын, жүрек пен бұлшық ет жұмысын жақсартады. Қуырылған тауық етінен қарағанда қайнатылған тауық еті пайдалырақ. 

  1. Балық

 Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар. Оның құрамындағы антиоксиданттар қимыл-қозғалыс координациясын жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. 

  1. Көкөністер

 Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні қалыпқа келтіретін бета-каротин бар. Бета-каротин кәрілікті тежеп, асқазан жұмысын жақсартады. Көкөністер анемия, авитаминоз, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы тұра алады. 

  1. Киви, ананас және цитрус жемістері

 Бұл жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, жемістер артық салмақтан арылуға жол ашады. 

  1. Манго

Аминқышқылдары мен А, В, С тобындағы дәрумендерге және пайдалы әрі ағзаға қажетті элементтерге толы жеміс. Манго артық салмақ тастауға, стресстен арылуға жол береді. Тұмау, ринит сияқты аурулардың алдын алып, көз көруін жақсартады.

  1. Шие

 Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.

  1. Қара бүлдірген 

Бұл қара жидектің құрамында В дәрумені, глюкоза және аминқышқылдар бар. Ағзадағы зат алмасу мен көз көруін жақсартып, терінің таза әрі балғын болуына жол береді. 

  1. Асқабақ

 Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені, ақуыз, бета-каротин сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш, тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, артық салмақтан арылуға ықпал етеді. 

  1. Теңіз орамжапырағы

 Мырыш, темір, калий, кальций, селен, мыс сияқты минералдарға бай көкөніс жүрек, асқазан, зат алмасу жүйесін жақсартып, семіздік, қант диабеті, йод жетіспеушілігі сияқты аурулардың алдын алады. 

  1. Жаңғақтар

 Жаңғақтардың құрамында адам ағзасына қажетті бар элементтер мен минералдар бар. Ол кез келген аурудың алдын алып, оған қарсы төтеп бере алады. Диетолог-мамандар күнделікті бір уыс жаңғақ жеуге кеңес береді.